Эфирде – «Бүгін - жексенбі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфирде – «Бүгін - жексенбі»

01.03.2015
Эфирде – «Бүгін - жексенбі»

Бүгін сағат 09.00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Бүгін – жексенбі» атты жаңа ақпараттық-танымдық бағдарламаның тұсауы кесілмек.

Әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең қызықты, өзекті ақпараттар мен танымал тұлғалар – бәрін бір бағдарламадан табасыз.

Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарды ұсынбақ.

Жексенбілік таң көңілді, пайдалы, қызықты өтсін десеңіз, сағат 9.00-де  эфирге шығатын «Бүгін – жексенбі» ақпараттық-танымдық бағдарламасын көріңіз!

Хабарламаларға жазылу