Қазақстандағы сағат өндіретін жалғыз кәсіпкер «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы сағат өндіретін жалғыз кәсіпкер «Бүгін жексенбіде» қонақта

02.04.2016
Қазақстандағы сағат өндіретін жалғыз кәсіпкер «Бүгін жексенбіде» қонақта

Қазақстандағы сағат өндіретін жалғыз кәсіпкер Арман Тосқанбаев ертең 09:30-да «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта.  17 жасынан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан ол сағаттан бөлек, «Жаңа жасыл технологиялар» компаниясының иесі.

«Қазақстан жас кәсіпкерлер» қауымдастығының директоры.  Кәсіпкер бағдарлама барысында табыс сырымен бөліспек.

Соңғы кездері сахнадан көрінбей кеткен әнші Қайрат Түнтеков те жексенбілік бағдарлама студиясында қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтары жөнінде әңгіме өрбітеді.

«Темір адам» аталып кеткен 75 жастағы қарт спортшы биыл 5-ші рекордын орнатпақ. Ақсақал «Медеудегі» баспалдақпен қолымен «жүріп» көтерілуге және қашықтықта тұрып, көзімен қағазды өртеуге дайындалып жүр екен. Басқа да өнерлері жетерлік.

Осы және өзге де қызықтарға қаныққыңыз келсе, жексенбілік таңыңыз Ұлттық арнамен бірге атсын!

Хабардың толық нұсқасын мына жерден көре аласыз.

Хабарламаларға жазылу