«Бүгін – жексенбі» керемет-қызық Ұлттық арнада! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін – жексенбі» керемет-қызық Ұлттық арнада!

24.02.2015
«Бүгін – жексенбі» керемет-қызық Ұлттық арнада!

Таяуда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа бағдарлама көпшілікке тарту болмақ. Отандық телевизияда тұңғыш рет әр аптаның жексенбі күндері ақпараттық-танымдық «Бүгін – жексенбі» бағдарламасы тікелей эфирге шығады.

Әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең қызықты, өзекті ақпараттар мен танымал тұлғалар – бәрін бір бағдарламадан табасыз.

Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарды ұсынбақ.

Жексенбілік таң – көңілді, пайдалы, қызықты. Себебі, эфирде – «Бүгін – жексенбі»!

Хабарламаларға жазылу