«Қамбар батыр» мультфильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қамбар батыр» мультфильмін көріңіз

24.02.2015
«Қамбар батыр» мультфильмін көріңіз

«Қамбар батыр» жырының басты тақырыбы – жер мен ел намысын қорғау. Оқиға Әзімбайдың байлығы мен сұлу қызы – Назымды суреттеуден, 18 жасқа толған Назымның жар іздеген назынан басталады. Бұл кезде Қамбар да ер жетіп, елін асырап отырған батыр тұлғасында көрінеді.

Жыр  қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған.  «Қамбар батыр» - жаулаушыларға қарсы  елдің бірлігі мен елдігін, ердің ел үшін қызмет етуін аңсау тілегінен туған көркемдігі шебер, құнды мұра.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14.35-те «Қамбар батыр» мультфильмінің 3, 4-бөлімдерін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу