«Алпамыс батыр» мультфильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алпамыс батыр» мультфильмін көріңіз

09.02.2015
«Алпамыс батыр» мультфильмін көріңіз

«Алпамыс батыр» — қазақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан «Одиссея», «Манас», «Калевала», «Қобыланды батыр» т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр.

«Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар әсірелеу заңдылығымен берілген.

Жырдың халықтың есінен мәңгілік ұмытылмастай орын алу себебі тарихи әлеуметтік шындықтың биік көркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін көріністердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән.

Бүгін 14.25-те Ұлттық арнадан «Алпамыс батыр» мультфильмінің 1-бөлімін көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу