«Елсіз аймақта» мультфильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елсіз аймақта» мультфильмін көріңіз

01.08.2015
«Елсіз аймақта» мультфильмін көріңіз

Көптің бірі емес, елден ерекше болсаң, өмірің қиындай түсері сөзсіз. Сол сияқты, әппақ коала Джонни өзінің ерекшелігінің азабын тартты. Ал, оның үстіне ерекше қабілетті, онда тұп-тура циркке баруға тиіссің. Алайда, көрермен ықыласы тұрақсыз.

Джонни теңдесі жоқ кейіпкер болуды армандайды. Күндердің күнінде дегеніне  жетеді.  Ол үшін бар болғаны жыртқыш иттердің үйірін қуып, тау қопарып, асудан асып, алып жыландарды алдап, тасман құбыжығын тұсаулап, алып қолтырауынды жеңу керек.

Тек осы сыннан өтсе ғана Джонниге сұлу бикештің махаббаты бұйырады.

Режиссер Кюнг Хо Лидің «Елсіз аймақта» туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:05-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу