«Еліме келіп елеулі болдым» атты ақындар мүшәйрасы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еліме келіп елеулі болдым» атты ақындар мүшәйрасы жарияланды

23.02.2015
«Еліме келіп елеулі болдым» атты ақындар мүшәйрасы жарияланды

2015 жылдың 14-наурызында сағат 11.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Еліме келіп елеулі болдым» деген атпен патриоттық концерт өтеді. Атажұртына сырттан келген барлық қандастарымыздың басын қосып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын насихаттайтын бұл шараға ұлттық ән-би өнерінің шеберлері қатысады. Ұйымдастырушылар алқасы патриоттық концерт қарсаңында жасы 40-қа дейінгі ақындар арасында мүшәйра өткізеді, деп хабарлайды adebiportal.kz сайты.

Бәйгенің мақсаты: Атажұртқа табан тіреп, әлемнің өзге мемлекеттерінен келген қандастарымыздың рухани жан дүниесін жалпы қазақ даласына паш ету. Ұлтымыздың киелі әдеби қазынасына Тәуелсіз елдің поэзиялық тың туындылары мен жыр жауһарларын қосу, жаңа заманның үнін халыққа жеткізу. Жас ұрпақ бойында Отанға, Туған жерге, Туған тарихқа деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық рухты көтермелеу.

Бәйгенің шарттары: Қатысушы ақынның жас мөлшері 40-тан аспауы керек. Автордың қысқаша өмірбаяны, мекен-жайы мен байланыс телефоны. Ұсынылатын тақырыптар: «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Атажұртқа оралған ағайынның Отанға деген сағынышы мен махаббаты, Туған жерді жырлау» және «Еркін тақырып». Шығармалар (А-4 форматта) 14-кегельмен (аралық – 1) теріліп, 6 беттен аспауы тиіс. Әр тақырыпқа бір өлең.

Бәйге қоры:

Бас жүлде – 300 мың теңге.

1 орын – 200 мың теңге, І-дәрежелі диплом.

2 орын – 100 мың теңге, ІІ-дәрежелі диплом.

3 орын – 75 мың теңге, ІІІ-дәрежелі диплом.

2 ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңгеден.

Шығармалар 2015 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу