Ақын Ажар Ерболған «Таңшолпанда» шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Ажар Ерболған «Таңшолпанда» шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті (ВИДЕО)

22.09.2015
Ақын Ажар Ерболған «Таңшолпанда» шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті (ВИДЕО)

Ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Ажар Ерболған - «Таңшолпан» студиясында қонақта. 

Бүгін, елордадағы Тілеп Қобыз сарайында 22 қыркүйек - Тілдер күні және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйраға 40-қа жуық үміткерден өлеңдер келіп түскен. 10 үміткер іріктеудің екінші кезеңіне өтті. Осы 10 ақынның өлеңдері арнайы жинаққа енгізілмек.

Жеке шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліскен ақын балаларға арналған әндерге сөз жазып жүргенін жеткізді.  Бұл туралы «Қазіргі уақытта балаларды қызықтыру өте қиын. Сондықтан, жазылған сөз тәрбиелік мәнінен бөлек, тілге жеңіл, жаттауға ыңғайлы болуы керек», дейді.

Ақынның «Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында «Таңшолпаннан» тыңдаңыздар.  

 

 

Хабарламаларға жазылу