«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевты ел ақын-композитор деп таниды. Оның жан-дүниесінен шыққан өлеңдері ән болып өріліп, тыңдарманның ықыласына бөленіп жүр.
«Көршінің қызын» білмейтін жан кемде-кем. Тоқтар Серіктің орындауындағы әсем ән ақынның алғашқы тырнақалды туындысы. Оның Жарылқасын Дәулеттің сөзіне жазылған Бекзат Әбілдиннің орындауындағы «Қызғалдақ», Саят Медеуовтың орындауындағы «Мұңайма, қалқам», Заттыбек Көпбосынұлының орындауындағы «Сені ойлап» әндері көпшіліктің көңілінен шыққан әуезді әндер.
Көрерменге ойлы өлеңдерімен қатар, сырлы ән сыйлап жүрген ақын, композитор Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кешін бүгін 16.45-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.