«Көршінің қызы» концертін көріңіз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көршінің қызы» концертін көріңіз!

28.02.2016
«Көршінің қызы» концертін көріңіз!

Композитор Бекжан Әшірбаевтың «Көршінің қызы» әні оның «төлқұжатына» айналған ән. Жарыққа шыққанына 16-17 жылға жуық уақыт болса да, халық жадынан өшкен жоқ.

«Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевты ел ақын-композитор деп таниды. Себебі, оның жан-дүниесінен шыққан өлеңдері ән болып өріліп, тыңдарманның ықыласына бөленіп жүр.

Жуырда сазгер «Көршінің қызы» атты шығармашылық кеш берген болатын.

Жұбаныш Жексенұлы, Ақылбек Жеменей, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Саят Медеуов, Әділ Сламхан, Жанболат пен Жазира, «Нұр-Мұқасан» дуэті, Абай Бегей, Асхат Тарғынов және т.б әншілер өнер көрсеткен кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат  14:00-де тамашалай аласыздар.   

Хабарламаларға жазылу