Алматыда Бекжан Әшірбаевтың «Көршінің қызы» атты ән-жыр кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Бекжан Әшірбаевтың «Көршінің қызы» атты ән-жыр кеші өтеді

22.05.2015
Алматыда Бекжан Әшірбаевтың «Көршінің қызы» атты ән-жыр кеші өтеді

Ақын, композитор, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев - «Таңшолпанда» қонақта.

24 мамыр күні Алматыдағы Республика сарайында Бекжан Әшірбаевтың «Көршінің қызы» атты ән-жыр кеші өтеді. Кешті белгілі актер, продюсер Жанатбек Бәйтеков жүргізеді.  

«Көршінің қызы» - менің «төлқұжатыма» айналған ән. Жарыққа шыққанына 16-17 жылға жуық уақыт болды. Ретро әнге айналды десек те болады. Сондықтан, кештің атауын осылай қойдым. Айта кетерлігі, кешті тамашалаушылар бұл әнді Сырым Исабаевтың орындауында тыңдай алады», дейді сазгер.   

Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Ақылбек Жеменей, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Саят Медеуов, Әділ Сламхан, Жанболат пен Жазира, «Нұр-Мұқасан» дуэті, Роза Әлқожа, Абай Бегей, Асхат Тарғынов және т.б әншілер қатысады.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу