Францияның ұлттық киножүлдесі «Cesar» («Сезар») сыйлығын табыстау салтанаты биылғы жылы Париждің «Шатле» театрында өтпек.
40-шы рет тапсырылғалы отырған марапат үшін бәсекеге әйгілі франциялық сәнгер Ив Сен-Лоран туралы екі фильм түседі.
Осыған дейін ең көп - 10 аталым бойынша марапатқа режиссер Бертран Бонеллоның «Сен-Лоран» («Saint Laurent») биографиялық туындысы ие болған.
9 аталым бойынша Том Кальенің «Истребители» (Combattants), 8 аталыммен Абдеррахман Сисаконың «Тимбукту» («Timbuktu») картинасы марапатталған.
Киносыншылар «Үздік фильм» атағына «Сен-Лоран» мен «Тимбукту» картиналары түсуі мүмкін дегенді айтады.
«Үздік актриса» аталымы бойынша бәсекеге Жюльет Бинош («Зильс-Мария»), Марион Котийяр («Два дня, одна ночь»), Карин Виар («Семейство Белье»), Адель Анель («Истребители»), Катрин Денев («Женщина во дворе»), Эмили Декьен («Не в его стиле») және Сандрин Киберлен («Обожаемая») түседі.
Басты үміткер - Жюльет Бинош.
Ал, Гаспар Ульель («Сен-Лоран»), Пьер Нине («Ив Сен-Лоран»), Гийом Кане («В следующий раз я буду стрелять в сердце»), Нильс Ареструп («Дипломатия»), Франсуа Дамьен («Семейство Белье») Ромэн Дюри («Новая подружка») және Венсан Лакост («Гиппократ») «Үздік актер» аталымында бақ сынамақ.
Басты үміткерлер - Гаспар Ульель мен Пьер Нине.
«Cesar» жүлдесі Францияның кинематография және техника өнері академиясымен 1976 жылдан бастап беріліп келеді. Жеңімпаздарды академияның 4 мыңнан астам мүшесі жасырын дауыс беру арқылы анықтайды.
Киножүлде 22 аталым бойынша беріледі.
Фото: ria.ru