100, 101-ші атқыштар бригадасы қандай бригада? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100, 101-ші атқыштар бригадасы қандай бригада?

18.02.2015
100, 101-ші атқыштар бригадасы қандай бригада?

«1941 жылы Қазақстанда 2 Қазақ бригадасы құрылды. 100-ші бригада Алматыда, 101-ші бригада Ақтөбеде. Олар бір уақытта,  бір күнде 1942 жылы қарашаның 25-і күні Ржев түбінде соғысқа араласты.   Онда өте қатты ұрыс болды. Бір айдың ішінде  80 пайызымыз оққа ұшты...». Бұл 100-ші бригаданың мүшесі Кәкен Әбеновтің естелігі.

Тверь ормандарының батпағы әлi күнге дейiн жас жауынгерлердің сүйек­терiне толы. Бұлар – Гитлердiң «Орталық» армиясының күштi дайындалған әскерiн алдап, уақыт ұту мақсатында Жуков жоспарлаған «Марс» операция­сының құрбандары.

Жуков шабуылы 1942 жылдың 25 қарашасы мен 20 желтоқсанына жоспарланса да, II Дүниежүзiлiк соғыстың «Ржев қанды қырғыны» аталған сұрапыл апаты тым ұзаққа созылды...

Ржев түбіндегі қырғын шайқастың қақ орта­сында болып, ерлік пен батыр­лықтың үлгісін көрсе­тіп,  майдан дала­сында қалған және бей­біт еңбекке араласып, бүгінгі тәуелсіз еліміздің негізін қалаған 100, 101-ші атқыштар бригадасының жауынгерлері туралы бүгін 22.40-та Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу