Аудандық ауруханалардың мүмкіндігі кеңейеді
Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекетке қайтарылған активтер елдің әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағытталады. Соған сәйкес Ақтөбе облысындағы үш аудандық аурухананың ауқымын кеңейту үшін қосымша ғимараттар салынып жатыр.
Енді медицина мекемелерінің мүмкіндігі кеңейеді. Айталық, Хромтау аудандық ауруханасының жаңа корпусында операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия палаталары болады. Сондай-ақ инсульт орталығы, оңалту бөлімі мен МРТ кабинеті жұмыс істейді. Мұндай жоба Қандыағаш қаласында да жүзеге асырылып жатыр. Емдеу мекемесі Мұғалжардан бөлек Темір, Байғанин және Ойыл аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Ал Шалқар аудандық ауруханасының жаңа ғимараты 93 орынға арналған. Медициналық нысан құрылысы толық аяқталғанда жаңа жұмыс орындары да ашылады.
Нұрбек Есболсынов, Шалқар аудандық ауруханасының басшысы:
Қосымша ғимарат бой көтереді. Көп бейінді немесе ауданаралық екі қабатты аурухана бой көтеріп жатыр. Ол жерде инсульттық орталығы бар және бөлек бейімделінген қабылдау бөлімі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы