Басты Жаңалықтар Президент цифрлық экономиканы дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент цифрлық экономиканы дамыту туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы халықтың табыс табуына жаңа мүмкіндіктер ашатын цифрлық экономиканы дамыту туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат аясында азаматтарға цифрлық платформалар арқылы жұмыс істеуге, жасанды интеллектіні кәсіби қызметте қолдануға жағдай жасалмақ. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлерді қолдау күшейтіледі. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шаралары электронды сауда алаңдары, банктер мен логистикалық компаниялардың мүмкіндіктерімен ұштастырылады. Сондай-ақ жоспарды әзірлеу кезінде Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Ли Кай-Фудың ұсынымдарын пайдалану тапсырылды. Тиісті кешенді жоспар 1 желтоқсанға дейін бекітілуі тиіс.

Бөлісу