Басты Жаңалықтар Президентке Құрылтай жұмысының нәтижелері баяндалды

Президентке Құрылтай жұмысының нәтижелері баяндалды

Құрылтай депутаттары 18 заң қабылдады. Тағы 38 заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай хабарлады. Қазір жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр. Сондай-ақ балалардың құқығын қорғау, мұғалімдер мен дәрігерлерді қолдауға қатысты заңнамалық бастамалар пысықталуда.

Кездесуде өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі де сөз болды. Депутаттардың бастамасымен 52 жобаға қосымша 47 миллиард теңге бөлінді. Қаражат жылу, жарық, газ және су жүйелерін жаңартуға жұмсалады. Сонымен қатар қабылданған заңдардың орындалуын бақылау күшейеді. Бұл жұмысқа жасанды интеллект технологиялары да енгізіліп жатыр. Президентке «Әділет» партиясының қызметі де баяндалды. Партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 8 мыңнан астамы оң шешімін тапты. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы 12 мыңнан астам азамат көмек алды. Кездесу соңында Құрылтайдың заң шығару қызметі мен партия жұмысының алдағы басымдықтары талқыланды. Президент тапсырмаларын іске асыру, сайлауалды міндеттемелерді орындау және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдау мәселелеріне баса мән берілді.

Бөлісу