«Сәлем, Қазақстан!» жобасында Ақбота Керімбекова мен Сержанәлі Әлібек жаңа әннің тұсауын кесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!» жобасында Ақбота Керімбекова мен Сержанәлі Әлібек жаңа әннің тұсауын кесті

01.04.2016
«Сәлем, Қазақстан!» жобасында  Ақбота Керімбекова мен   Сержанәлі Әлібек  жаңа әннің тұсауын кесті

Ақбота Керімбекова «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ол қазақ эстрадасында «Аппақ гүлдер» әнімен танылған.

Ақбота Керімбекованың «Сәлем, Қазақстан!» жобасындағы кеші «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнімен ашылды.  Әнші сахнада жүргеніне 20 жыл болғандығын айтты.  Сахнада ол ең таңдаулы «Сенсің», «Қуанышым қазынам», «Арман-ай», «Уақытша», «Жеңемін», «Мүмкін емес», «Келем деші»  сынды әндерін жанды дауыста орындады.

Сонымен қатар, кеште  Ақбота Керімбекова әнші Сержанәлі  Әлібекпен жаңа әннің тұсауын кесті.  Кеште Ақбота Керімбекова  хит әндерінің біріне айналған «Қош махаббат» әнін күйсандықтың сүйемелдеуімен орындады. Әнші 20 жылдығына орай күзде жеке кешін өткізуді жоспарлауда.

Жобада болған өзге де қызықтарды алдағы уақытта Ұлттық арнаның «Сәлем, Қазақстан!» жобасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу