«Сезім толқыны» телехикаясы Ұлттық арнада тұсауын кеспек
Бұл - бүгіннен бастап Қазақстан Ұлттық арнасынан эфирге шығатын «Сезім толқыны» телехикаясынан үзінді. Бір айта кетерлігі туындының түсірілім жұмыстары толығымен Ақтау қаласында, қарт Каспийдің жағалауында өткен. Туындыға Толқын есімді бойжеткеннің қиын да қызықты тағдыры арқау болған. Ол теңіз жағасында өз бақытын табады. Дәл осы сәттен бастап жас қыздың өмірі де күрт өзгереді. Арбаға таңылған бауырымен бірге жетім қалған бойжеткеннің анасы кеткелі жарығы сөніп, үміті үзілгендей күй кешеді. Қоғамда Толқынның тағдырын кешкендер бар. Бірақ сынып кетпеуге, құламауға Толқын секілді ерік-жігер керек. Автор осыны жеткізгісі келгендей. Телехикая бүгіннен бастап кешкі сағат 21:30-да эфирге шығады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05