Павлодарда «Ерлік – елдіктің белгісі» атты байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Ерлік – елдіктің белгісі» атты байқау өтті

25.03.2015
Павлодарда «Ерлік – елдіктің белгісі» атты байқау өтті

Павлодардағы М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық колледждер арасында «Ерлік – елдіктің белгісі» атты сахналық байқау өтті.

Байқауға облыстың 30  колледжінің студенті  қатысты. Жастардың өнері актерлік шеберлік, мәнерлеп оқу, вокал, әннің негізгі мән-мағынасын және ерекшелігін жеткізе білу, сахналық бейне және мәдениет сценографиясы, реквизиттерді және сахналық костюмдерді пайдалану, тақырып пен регламенттің үйлесімділігі бойынша бағаланды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені «Ленинградский метроном» атты Павлодар қаласы музыка колледжі - музыка мектебі – дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» павлодарлық кешенінің вокал тобы жеңіп алды.

Бірінші орынды Ақсу қаласы Ж. Мұса атындағы колледжі, екінші орынды Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, үшінші орынды Успен аграрлы-техникалық колледжі иеленді.

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу