Шоколад магнаты Микеле Ферреро өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоколад магнаты Микеле Ферреро өмірден озды

15.02.2015
Шоколад магнаты Микеле Ферреро өмірден озды

Ең дәулетті италиялықтардың бірі, шоколад,  Nutella шоколады пастасын және өзге де кондитерлік өнімдерді өндіретін «Ferrero» компаниясының иесі Микеле Ферреро 89 жасында сенбі күні қаза тапты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкер осыдан бірнеше ай бұрын ауырған. Ол Монте-Карлодағы үйінде қайтыс болды, деп хабарлады «Росбалт».

«Ferrero» корпорациясы оның немересінің қолына көшті.  Өйткені, 2011 жылы  Микеленің ұлы Пьетро Оңтүстік Африкада қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан.  

Хабарламаларға жазылу