Түркияның ең танымал бизнесмендерінің бірі өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның ең танымал бизнесмендерінің бірі өмірден озды

22.01.2016
Түркияның ең танымал   бизнесмендерінің бірі  өмірден озды
Түркияның ең танымал   бизнесмендерінің бірі  өмірден озды

Түрік бизнесінің танымал өкілдерінің бірі Мұстафа Коч кеше өмірден озды. Құрамына 64 компания кіретін аса ірі холдингті басқаратын бизнесмен үйінде таңертеңгі жаттығу жасап жатқан кезде инфаркт алған. Ол кеше Давостағы форумға қатысуға тиіс екен

Түркияның ең ірі холдингтерінің бірі саналатын Коч холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған бизнесмен әлемдегі 2 мың миллиардердің қатарына кіреді. Ол Түркияда байлығы жағынан 27 орында тұрған адам. Алайда, ол басқаратын холдинг 95 мың адамға жұмыс тауып беріп отыр.

Ол басқарған холдинг Түркияда электроника, көлік, тұрмыстық техника, тұрмыстық химия, супермаркеттер желісінде, мұнай-химия және өзге де салаларда табысқа жеткен құрылым саналады. Коч холдингтің айналымдағы қаржысы 2015 жылы 31 млрд долларды құраған. Холдингтің негізі 1926 жылы қаланған. Яғни, Мұстафа Коч кәсіпкерлері әулетінің үшінші буын өкілі еді. Бизнесменнің қайтыс болуына орай Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Ахмет Дауытоғлу Коч әулетіне көңіл айту жеделхатын жолдады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу