Қазақстандық ғалым еттің сапасын 20 минутта анықтайтын экспресс-тест ойлап тапты

14.02.2015
Қазақстандық ғалым еттің сапасын 20 минутта анықтайтын экспресс-тест ойлап тапты

Ғылыми гранттардың иегерлері арасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетiнің деканы Балғабай Майқановтың да тың технологиясы бар.

Профессор еттің сапасын 20 минутта анықтайтын экспресс-тест ойлап тапты. Ол үшін ет фарш күйіне дейін ұсақталуы қажет. Қазір бұл технология патентпен қорғалып, Астана базарларында пайдаланылуда.

Жаңа жоба жасап шыққан тағы бір қазақстандық ғалым экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Жерге орналастыру факультетінің деканы - Рауза Қалтайқызы.

Ол «Ауылдық аумақтарды тұрақты басқару жүйесіндегі агроқұрастыруларды жерге орналастыру жобасын әзiрлеу мақсатында жасалған тұжырымдамасын» жасап шықты.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және Қазақстандағы жер ресурстарын тиімді пайдалануда жатыр. Жоба нәтижесінде аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігі артады.

Хабарламаларға жазылу