С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 54 грант ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 54 грант ұтып алды

15.02.2015
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 54 грант ұтып алды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруын ұтып алды.

Жалпы сомасы 395 миллион теңгені құрайтын ғылыми жобаларға арналған 54 грант университет ғалымдарына бұйырды.

Қазіргі уақытта университет профессоры, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Балғабай Майқановтың ғылыми жаңалығы қолданылу туралы құқық иеленіп, Астанадағы сауда орындарында пайдаланылуда.

Ғалым еттің қанша мерзімнен бері тұрғанын 20 минут ішінде анықтайтын экспресс тест ойлап тапқан.

Сондай-ақ, университеттің жерге орналастыру факультетінің деканы Рауза Абельдина  аграрлық сектор бойынша жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін  жүзеге асыруға арналған жаңа технология енгізді. Жоба сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнына бөлінген 54 гранттың біреуі университет жанындағы ауылшаруашылық биотехнологиясы  ғылыми-зерттеу институтына берілмек.

Хабарламаларға жазылу