Вирусты анықтайтын тест қазақстандықтардың барлығына жасалмайды

25.03.2020

Вирустың бар жоғын анықтайтын тест қазақстандықтардың бәріне бірдей жасалмайды. Тек қауіпті ортада жүрген медбикелер мен полиция қызметкерлері және вирусты жұқтырғандармен байланыста болғандар ғана пайдаланылады. Қазір елде вирусты анықтайтын 60 мың тест бар. Жақында тағы 250 мыңы жеткізіледі. Осыған дейін азаматтарға 15 мың тест жасалынған. Біріншісі - генетикалық. Соңғысы — экспресс- тест.

 Ал төтенше жағдай режимі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бас дәрігер вирусты жұқтыру деңгейі сәуір айының 15-не қарай төмендей бастауы мүмкін екені айтты. Алайда, жағдай керісінше болса, онда төтенше жағдай кезеңі тағы да ұзартылады. Сол себептен, сақтық шараларын мейлінше ұстану қажет.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу