Конституция – кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, этностардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
Осыдан 20 жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай Тәуелсіздік тірегіне айналған Ата заң – елдегі барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің алғашқы екі сессиясында 1995 жылғы Конституцияны қабылдауды қолдады. Ол барлық қоғамдық институттар арасынан алғаш болып, референдумда халықты Конституция үшін дауыс беруге шақырды. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2015 жыл – Ассамблея жылы деп жарияланды.
Бүгін 17.50-де бұл екі тақырып «Өзекжарды» хабарында сөз болады. Хабардың қонағы – ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Анар Жайылғанова.