Серікгүл Аббасқызы: Біздің мектепте әдебиет сыры пәні бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серікгүл Аббасқызы: Біздің мектепте әдебиет сыры пәні бар

09.02.2015
Серікгүл Аббасқызы: Біздің мектепте әдебиет сыры пәні бар

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жыл сайын ҚР Жазушылар одағы Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырады. Биыл 7-ші рет ұйымдастырылып отырған байқауда елдің түкпір-түкпірінен көптеген жеткіншектер қатысуда. Сондай әдебиетшіл жастар - Жаннұр мен Аружан және олардың ұстазы Серікгүл Аббасқызы бүгін «Таңшолпанда» қонақта.

«Бұл балалар өлең оқығанда сол өлеңнің авторының өмірбаянына терең үңіліп, жалпы өлең не туралы, идеясы не деген сұрақтарға мағлұмат алып, мәнерлеп оқуға кіріседі. Біздің мектебімізде әдебиет сыры деген пән бар. Сол сабақ барысында шәкірттерімді көркемсөз бағытына баулып келемін»,-дейді Серікгүл Аббасқызы.

«Балаларды өлең оқуға баулу – бір ғана сабақта шешілетін дүние емес.  Бала өлеңге зейінін қоя білсе, тек мұғалім ғана емес, ата-анасы да бұған тереңінен үңілсе, бала өлең оқуға бейім келеді».

Мұқағали ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыған бірінші сыныптың оқушылары Жаннұр Айтмұханбет пен  Аружан Нұржанқызының өнерін «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу