Оңтүстік Қазақстан облысының Берекелді ауылында жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының Берекелді ауылында жаңа мектеп ашылды

08.05.2015
Оңтүстік Қазақстан облысының Берекелді ауылында жаңа мектеп ашылды

Білім ордасының ашылуына қатысқан аудан әкімі С. Тұрбеков берекелдіктерді білім ұясының ашылуымен және еліміздегі айтулы мерейлі мерекелермен шын жүректен құттықтады.

Аталған мектеп аудандағы төрт жыл ішінде салынған 39-шы білім нысаны. Берекелді елді мекенінде оқушылар бүгінге дейін ескі, апатты жағдайдағы мектепте білім алған.

Заманауи үлгіде салынған мектепте 462 оқушы білім алса, оларға 45 мұғалім сабақ береді. Барлық талаптарға сай жабдықталған білім нысанында спорт залы мен кітапхана бар. Онда оқушылар спорттың 10 түрімен айналысса, ал, кітапхананың қоры – 9130 кітап. Оның 1825-і – көркем әдебиет, ал 7305 данасы – оқулықтар.

 

Фото: kz.otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу