Алматыда Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті

16.03.2015
Алматыда Герольд Бельгерді еске алу кеші өтті

Герольд Бельгер 1934-жылы 28-қазанда Саратов облысындағы Энгельс қаласында дүниеге келген. Сөз өнерінде өзіндік ізі бар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының әдебиет факультетін бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысында орта мектепте сабақ беруден бастаған.

53 кітап жазып, әдеби мұрамызға үлкен үлес қосқан Герольд Бельгер қазақ әдебиетінің Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді классиктерінің шығармаларын орыс тіліне аударды. Кеш барысында жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы қысқаша деректі фильм көрсетілді.

 

Құлмахан САЛЫБЕКОВ

Хабарламаларға жазылу