А.Ісмақова: Діни сауаттылықты мектепте қалыптастыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Ісмақова: Діни сауаттылықты мектепте қалыптастыру керек

02.02.2024

Діни сауаттылықты алдымен мектепте қалыптастыру керек. Оқулықтар да дін туралы ашық жазылмаған және ақпарат өте аз. Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова осындай пікірде. Олқылықты жою үшін жедел әрекет етіп тарих, әдебиет секілді кітаптарға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс айтты.

Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Біздің мектеп бағдарламаларындағы оқулықтарда, ешбір жерде осы қазақ мемлекеті тұрған жерде қандай дін болды, қазақ жазуы қалай басталды, қазақ діні атам заманнан қалай Ислам діні болды деген жауап жоқ. Әдебиет пәні болса неге әл- Фараби басына сәжде салған, біздің Орталық Азиядағы жазба шағатай деп аталған, неге біздің Орталық Азиядағы жазбалар араб тілімен келген Ахмет Байтұрсынұлы әдебиеттанытқыш айтқан дін мұсылман VIIІ ғасырда қазақ жеріне келген біз жазуды араб таңбаларымен бастадық деген.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу