«Каспий теңізі-2015» халықаралық байқауы тамызда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Каспий теңізі-2015» халықаралық байқауы тамызда өтеді

08.02.2015
«Каспий теңізі-2015» халықаралық байқауы тамызда өтеді

ТМД мемлекеттері Қарулы күштерінің су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы «Каспий теңізі-2015» байқауы ресейлік тараптың бастамасымен өткізілмек.

Ресейлік «Военно-промышленный курьер» басылымының жазуынша, су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий-2015» халықаралық байқауын өткізу ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.

Байқауға қатысушы мемлекеттердің флоттарының бір негізгі және бір резервтік кемелері, теңіз жаяу әскерінің бір бөлімшесі жіберіледі.

Байқау үш кезеңнен тұрады: біріншісі - «Каспий дербиі» (теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамының арасында өткізіледі), екіншісі - «Каспий кубогы» су үстімен жүретін кемелер экипаждарының арасында өткізіледі.

Үшінші кезең - «Спорттық», оған байқауға қатысушы елдердің теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы және су үстімен жүретін кемелердің экипаждары қатысады. 

Хабарламаларға жазылу