Қазақстандық жауынгерлер теңіз биатлонында екінші орынды жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жауынгерлер теңіз биатлонында екінші орынды жеңіп алды

11.08.2015
Қазақстандық жауынгерлер теңіз биатлонында екінші орынды жеңіп алды

«Сарыарқа» қазақстандық зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы сайыста екінші орын алды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші орында «Град Свияжск» шағын артиллериялық кемесіндегі Ресей ӘТК әскери теңізшілері, үшінші орынды Әзірбайжан ӘТК «G-124» суүсті кемесінің экипажы місе тұтты. Жеребеге сәйкес, біздің команда байқаудың әрбір сынағын бастау  сияқты күрделі тапсырмалерға тап келді.

Алайда, бірінші болып өнер көрсетіп, теңізшілеріміз қалған командаларға қарқын беріп, сайыс алдыңғы қатарды болды. Олар кемені басқару, халықаралық жүйеге сәйкес жарық беру белгілерін қабылдау және тарату, әуе, теңіз және суүсті нысаналары бойынша оқ ату, апатқа ұшыраған кеменіі және суда қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің теңізшілері  халықаралық сайыста сәтті өнер көрсетіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігінің жоғары деңгейде кендігін көрсетті. 13 тамызда «Каспий теңізі - 2015» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтетінін айта кету керек.   

Хабарламаларға жазылу