Мереке Құлкенов: Он томдыққа қазақ ақындарының бәрін жинақтауға тырыстық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке Құлкенов: Он томдыққа қазақ ақындарының бәрін жинақтауға тырыстық

03.02.2015
Мереке Құлкенов: Он томдыққа қазақ ақындарының бәрін жинақтауға тырыстық

«Қазақ ақындарының антологиясы»  атты 10 томдық  жарық көрді. 4 ақпан күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада кітаптың тұсаукесері өтеді.

Осыған орай, жазушы, «Өлке» баспасының бас директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Мереке Құлкенов «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Біз Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен пікірлес жандармыз. Ол кісі мәдениетке, оның ішінде поэзияға ерекше қарайды. Бір әңгіме барысында қазақ ақындарының антологиясын шығарсақ қайтеді деген ұсыныс айтты. Содан кейін осы кітапты шығаруды қола алдық».

«Он томдық сонау Күлтегін заманынан басталып, бүгінгі жас ақындармен аяқталады. Қазақта «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады», деген сөзбар. Осы принципті ұстандық. Қазақ ақындарының бәрін жинақтауға тырыстық. Көзі қарақты оқырман өзіне қажетті ақынды осы кітаптан таңдап алады»,-дейді Мереке Құлкенов.

«Кітаптың бір ерекшілігі, әр ақынның көркем бейнесі фото емес, суретшінің қолымен салынған. Енді болашақта қазақ жазушыларының да антологиясын шығару жоспарда бар»,-дейді жазушы.

Хабарламаларға жазылу