«Қазақ өнері» атты бес томдықтың тұсаукерсері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ өнері» атты бес томдықтың тұсаукерсері өтті

26.02.2014
«Қазақ өнері» атты бес томдықтың тұсаукерсері өтті
Астанада «Қазақ өнері» бес томдығының тұсаукесері өтті. Кітапта еліміздің ежелгі дәуірден бастап, қазіргі заманға дейінгі бейнелеу өнері туралы мағлұматтар берілген. Іс-шараға елімізге белгілі қылқалам шеберлері қатысты.
 
Қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейтіп, халықтың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруда еңбектің маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар. Туынды Қазақстан Суретшілер одағының 80 жылдық мерейтойына арналып отыр.
 
Қоңыр Мұхамедиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Бұл бес томдыққа біз белгілі тарихшылар, белгілі өнертанушы ғалымдар, әдебиетшілер, суретшілер, мәдениет және өнер қайраткерлерінің еңбектері жинақталған.

Хабарламаларға жазылу