Қазақ айтысының 7 томдығы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ айтысының 7 томдығы жарыққа шықты

04.12.2014
Қазақ айтысының 7 томдығы жарыққа шықты

Бүгін қазақ айтысының 7 томдық кітабының тұсауы кесілді. Топтамалық жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Алтын Домбыра» республикалық айтысына орай жарыққа шықты.

Кітап Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша дайындалған. «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы 25 томдық еңбектен тұрады.

Авторы – профессор Мырзатай Жолдасбеков. 7 томдыққа Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мемлекеттерінде тұратын қазақ ақындарының таңдаулы айтыстары да енгізілген.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу