Қазақ поэзиясы испан әлеміне жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ поэзиясы испан әлеміне жол тартты

20.06.2017

Қазақ поэзиясы 550 миллиондық испан әлеміне жол тартты.  Екінші Еуразиялық халықаралық кітап көрмесі аясында «Қазақ поэзиясы антологиясының» тұсауы кесілді. Испанияның белгілі ақыны Хусто Хорхе Падрон тәржімалаған жинақ үш ғасырды қамтиды, елу үздік қазақ ақынының жыры кірген. Мадридте ақпан айында таныстырылымы жасалған қазақ ақындарының шығармасына испан жұртының қызығушылығы ерекше болған.

Жуырда және 30 қазақ ақынының шығармасы испанияның танымал әдебиет журналында жарияланады.

Хабарламаларға жазылу