Бүгін - «Астана» радиосының туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Астана» радиосының туған күні

19.01.2015
Бүгін - «Астана» радиосының туған күні

1999 жылдың 19 қаңтарында 101.4 FM толқынында эфирге шыққан радио «Ең таңдаулысы сен үшін!» деген ұранмен қызмет атқарып келеді.

2013 жылдың 22 наурызында Астана радиосының astanafm.kz сайты ашылып, сол жылдың қарашасында видеотрансляция басталды.

Радио 2013 жылдың ақпанынан заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істей бастады. 60 пайызы қазақ тіліндегі хабарлар, 40 пайызы орыс тіліндегі хабарлардың үлесіне тиесілі.

Радио 1999 және 2003 жылдардағы ең үздік ақпаратты топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын Жұлдыз» жүлдесін жеңіп алып, 2006 жылы «Үздік радио» атағына ие болды.

Қазіргі уақытта радиотолқыннан тарайтын «Серпін», «Жаңару жолы», «Жас көшбасшы», «Sport life», «Көкжиек» сынды бағдарламалар тыңдарман ықыласына ие.

Хабарламаларға жазылу