Бүгін – дүниежүзілік радио күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – дүниежүзілік радио күні

13.02.2024

Бүгін – Дүниежүзілік радио күні. Бұл атаулы күнді 2011 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген. Ал Қазақстанда Радио күні 1-ші қазан деп белгіленген. Ғасыр жасаған қазақ радиосының негізін Ахмет Байтұрсыновтың өзі қалаған еді. Осы уақыт ішінде радио тыңдаушылардың жүрегінен ерекше орын алып, ұлттың сүйіп тындайтын арнасына айналды. Бүгінде қазақтың үнін шартарапқа жеткізген бірегей ақпарат көзі.

Альмира Елімсары, Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы:

11 ғасырға жуық тарихы бар қазақ радиосы бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде сөйлеп тұр. Біз оны дәуір үні деп атаймыз. Оған негіз де, себеп те бар. Өйткені біздің Қазақ радиосының Алтын қорында 1948 жылдан бері жиналған 100 мыңнан аса фонограмма сақталған. Онда біздің ақын-жазушыларымыз бен әншілердің дауыстары, күйлер сақталған. Жалпы қазақ радиосын қазақ руханиятының, мәдениетінің қарашаңырағы деп айтуға болады.

Хабарламаларға жазылу