Бүгін - «Астана» радиосының туған күні! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - «Астана» радиосының туған күні!

19.01.2017
Бүгін - «Астана» радиосының туған күні!

1999 ж. 19 қаңтар - бірінші мемлекеттік жастар радиосының құрылған күні. Осы уақыттан бастап, радио қызметкерлері «Ең таңдаулысы сен үшін!» деген ұранмен қызмет атқаруда.  
«Астана» радиосы 101.4 FM толқынында эфирге шығады.

2003 жылдың 1 ақпанынан бастап, «Астана» радиосы өзінің эфирлік форматын жаңартып, заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істей бастады. Хабарлар әуе толқынына 60 пайыз қазақ тілінде, 40 пайыз орыс тілінде шығады. 

Сонымен қатар, радионы интернет желісі арқылы тыңдауға болады - http://astanafm.kz. «Астана» радиосының сайты http://astanafm.kz 2013 жылдың 22 наурызында ашылды. 2013 жылдың 20 қарашасынан видеотрансляция басталды.

Тыңдармандар күнделікті саяси ақпараттан бастап, көңіл көтеретін бағдарламаларға дейін ести алады.

Бірге өткізген 18 жыл! Сіз бен біздің ортақ тарыхымыз! Туған күніңмен, сүйікті  «Астана» радиосы!

Хабарламаларға жазылу