Айым Әбділдина: Күрес спортына әкем баулыды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айым Әбділдина: Күрес спортына әкем баулыды (ВИДЕО)

09.01.2015
Айым Әбділдина: Күрес спортына әкем баулыды (ВИДЕО)

Айым Әбділдина спорттық ғұмырын дзюдодан бастаған. Алайда кейін еркін күреске икемділігі байқалып, спорттың осы түріне ауысып кеткен.

Қазақ қызы 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында еркін күрестен 55 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленген. Сонымен қатар, ол Азия чемпионатының төрт дүркін (Паттайя, 2009; Ташкент, 2011; Куми, 2012; Астана, 2014) қола жүлдегері.

Айым күрес спортына әкесі баулығанын, жарысқа дайындық кезінде жаттығудың оңай болмайтынын айтып, өзінің болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу