«Галатасарай» Қазақстан спортына инвестиция салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Галатасарай» Қазақстан спортына инвестиция салмақ

16.07.2014
«Галатасарай» Қазақстан спортына инвестиция салмақ

Түрік ағайындар Қазақстан спортына инвестиция салмақ. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев түркиялық «Галатасарай» спорттық клубының президенті Унал Айсалмен  кездесті.

Әңгіме барысында  Қазақстанда футбол академиясын ашу және еліміз спортына инвестиция салу жөніндегі ұсыныстар талқыланды. 

Қазақстандық тарап, тарихы терең, дәстүрі бай «Галатасарай» сынды спорттық клубтың жан-жақты дамып келе жатқан Қазақстан спортына инвестиция салуға ниет білдіруі қуанышты жайт екенін атап өтті.

Түркиялық қонақ тек спорт саласына ғана инвестиця салумен шектеліп қалмайтынын да жеткізді.

Унал Айсал, «Галатасарай» спорттық клубының президенті:

Қазақстанда спорт инситутын құрмақпыз. Орталығы Астана қаласында орналасады. Ол жерден мықты спортшылар тәрбиеленіп шығады, деген үміттеміз. Алдағы EXPO-2017 көрмесіне өз үлесімізді қосамыз. Сондай-ақ, 2022 жылы өтетін Универсиядаға да қолұшын созуға әзірміз. Біздерді көп нәрсе байланыстырады. Екі ел президенттерінің тығыз байланысының арқасында татулық пен бірлігіміз артып келеді.    

 

Индира БЕКТЕНОВА 

 

Хабарламаларға жазылу