«Айтуға оңай...». Әнші Саят Медеуов: Мұғалімнің шапалағы өнерге келуіме себеп болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Әнші Саят Медеуов: Мұғалімнің шапалағы өнерге келуіме себеп болды (ВИДЕО)

06.04.2017

Ол алғаш рет Кененнің «Бозторғай» әнімен жарқ етті. Содан бері өзінің қоңыр үнімен жұртышылықты тәнті етіп жүр. Бір қызығы, оның мамандығы әнші емес, ол - домбыра жасайтын шебер.

«Негізі менің әкем шебер адам. Бала күнімде әкем секілді шебер болғым келді. Әнші болғым да келді. 11 сыныпты бітіріп, оқуға кетемін деп жүрдім. Бірақ, олай болмады. Ауылда сабақ беретін Күлипа деген апайым бар-тын. Бір күні мектеп алдында сызықтан асып кеткенім үшін бүкіл елдің көзінше мені шапалақпен ұрды. Сол үшін намыстандым. Содан ұялып, оқуды тастап, қалаға кетіп қалдым», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу