Махметовтер отбасының спорттағы жолы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Махметовтер отбасының спорттағы жолы (ВИДЕО)

11.04.2016
Махметовтер отбасының спорттағы жолы (ВИДЕО)

Күні кеше ғана 64 жасқа толған белгілі суретші Әлімжан Махметовке қарап, зейнет жасында дегеніне сенбессің. Спорттық жіппен секіргенде қимылына көз ілеспейді. Махметовтер әулетінің үлкені өзінен кейінгілердің бәрін спортқа баулыды. Інісі – Қайрат та еркін күрестен спорт шебері.

Әлімжан Мәжитұлы білгенін балаларынан аяған емес. Ұлы Айдар Махметов бірер күн бұрын Еуропаны бағындырып, үшінші рет чемпион атанып келді. Каратэ чидоканнан үш мәрте Әлем чемпионы 12 жылдық үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралды.

Осылайша, Франция мен Германияда төселген татамиде ел намысын абыроймен қорғады. «Rome open» турнирімен бірге джиу-джитсудан үш дүркін Еуропа чемпионы атанды. 

Хабарламаларға жазылу