«Армандастар» жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Армандастар» жинағы жарық көрді

06.01.2015
«Армандастар» жинағы жарық көрді

Кітапта әдебиетке өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында балауса туындыларымен келген қаламгерлердің көркем шығармалары топтастырылған.

Олар бүгінде өмірдің әр саласында абыройлы қызмет етіп жүр. Араларында жас ғұмырында жарқ етіп көрініп, дүниеден ерте озған таланттар да бар.

Жинаққа енген туындылардың айтар ойы - біреу-ақ. Ол - адамгершілік, ар-ождан, мейірім мен шапағат, иман мен инабат мәселелері.

Кітап жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың бойына ұлттық қасиет пен елдік руһты сіңіруге бағытталған.

Хабарламаларға жазылу