Жаңа жыл түнінде Астанада 68 сәби дүниеге келді

06.01.2015
Жаңа жыл түнінде Астанада 68 сәби дүниеге келді

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада 68 нәресте, соның ішінде 41 ер бала, 27 қыз бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды Астана әкімдігі сайты.

Астанада демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады. Елорда халқының саны 2014 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша 847 730 адамды құрады. Соның ішінде Алматы ауданында - 378 624, Есіл ауданында - 124 970, Сарыарқа ауданында - 344 136 адам.

Қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, 2014 жылғы қаңтар-қазан айларында қалада 20 287 сәби дүниеге келген. 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,6 пайызға өскен. Бұл ретте халықтың табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 12,3 пайызға ұлғайып, 17 325 адамды құраған.

Хабарламаларға жазылу