7 маусым, жексенбі, 2015 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 маусым, жексенбі, 2015 жыл

07.06.2015
7 маусым, жексенбі, 2015 жыл


10 жыл бұрын (2005) Семейде Абай ұрпақтарының бірі Ілияс Ысқақовтың «Ақын жүрегі» жинағы жарыққа шықты.

12 жыл бұрын (2003 маусымның 7-10-ы) Астанада Пенза облысының мәдени күндері өтіп, аталған облыстың Елордадағы өкілдігі ашылды.

18 жыл бұрын (1997) Павлодарда «Таза алюминий» деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті.

59 жыл бұрын (1956) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Айжан Қабдуалиқызы НҰРМАҒАМБЕТОВА  дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1947) жазушы, ақын (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) ИРАН-ҒАЙЫП дүниеге келді. 

98 жыл бұрын (1917) М.Әуезовтің пьесасы «Еңлік-Кебек» алғаш рет Абай ауылында қойылды.

203 жыл бұрын (1812) Орал қаласының іргесіндегі Хан тоғайында Орынбор губернаторы князь Волконскийдің қатысуымен Бөкей сұлтан ресми түрде Ішкі орданың ханы болып жарияланды.

Хабарламаларға жазылу