8 наурыз, сенбі, 2014 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 наурыз, сенбі, 2014 жыл

08.03.2014
8 наурыз, сенбі, 2014 жыл
Халықаралық әйелдер күні
1 жыл бұрын (2013) ҚР тұңғыш Президенті мұражайында Астанада «Шахмат әлемі» көрмесі ашылды.
 
3 жыл бұрын (2011) Алматыда «Нұр» көркемсурет галереясында ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жаңа дәуір» көрмесі ашылды.
 
4 жыл бұрын (2010) Француздық режиссер Катрин Пеш қазақстандық алма туралы деректі фильм түсірді.
 
5 жыл бұрын (2009) Бейжіңде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінде арабтың өрме жазуымен басылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
 
6 жыл бұрын (2008) Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің ресми сайты жұмыс істей бастады.
 
49 жыл бұрын (1965) АҚШ-тың құрлықтағы әскерлері Оңтүстік Вьетнамға келіп түсті.
 
49 жыл бұрын (1965) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз демалыс күні болып жарияланды.
 
56 жыл бұрын (1958) 8 наурызда Қазақстан Республикасы Телерадиокешенінің дәуірі басталды.
 
65 жыл бұрын (1949) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темірхан ДОСМҰХАМБЕТОВдүниеге келді.
 
68 жыл бұрын (1946) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, 1975 жылдан - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының меңгерушісі Рахилям МАШУРОВА дүниеге келді.
 
79 жыл бұрын (1935-2005) актер, Қарақалпақстанның және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Жұмабай МЕДЕТБАЕВ дүниеге келді.
 
86 жыл бұрын (1928-1999) филология ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әсет БОЛҒАНБАЕВ дүниеге келді.
 
94 жыл бұрын (1920) Сирия мемлекеті Түркиядан тәуелсіздігін алды.
 
95 жыл бұрын (1919-2006) актриса, Қазақстанның Халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегеріӘмина ӨМІРЗАҚОВА дүниеге келді.
 
100 жыл бұрын (1914-1998) әнші, Қазақстанның Халық әртісі Зәбира ЖҰБАТОВА дүниеге келді.
 
113 жыл бұрын (1901-1966) әнші, композитор, күйші, актер, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Композиторлар одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі  Манарбек ЕРЖАНОВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу