Жол патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді себепсіз тоқтатуға құқылы емес - ҚР ІІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді себепсіз тоқтатуға құқылы емес - ҚР ІІМ

05.01.2015
Жол патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді себепсіз тоқтатуға құқылы емес - ҚР ІІМ

Жаңа жол жүру ережесіне сәйкес жол патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді тек жол ережесін бұзған кезде ғана тоқтатуға құқылы.

Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов мәлім етті.

«Көлік құралдарын себепсіз тоқтатуға заңмен тыйым салынған. Автокөлікті тоқтатудың себептерін түсіндіру бойынша талаптар жол қозғалысы ережесінде және «Жол жүрісі туралы» Заңда қамтылды», - деді басқарма басшысы.

Атап айтқанда, инспектор көлікті тоқтатқан кезде оның себебін түсіндіруі тиіс. Сонымен қатар осы үдерістің барлығын бейнетіркеуіш бақылайтын болады.

Осы орайда ІІМ өкілдері егер инспектор көлікті себепсіз тоқтататын болса, ол тиісті жазасын алатындығын айтты. Тиісті шағымдарды азаматтар сенім нөміріне телефон шалып, хабарлай алады.

Хабарламаларға жазылу