Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жыл қорытындысын шығарды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жыл қорытындысын шығарды (ВИДЕО)

05.01.2015
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жыл қорытындысын шығарды (ВИДЕО)

Екі мың данамен тараған кітаптар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ұлы құралға айналды.

Ұлттық спорттың әр түріне көп көңіл бөлініп, дамуына жағдай жасалды. Мысалы, қазан айында Павлодар қаласында қазақ күресінен «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы анықталды.

Еліміздің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа, 34 мемлекеттің сайдың тасындай іріктелген сайыпқырындары қатысып, кубалық Оскар Брайсон алтын белбеуді иеленді.

Ал, Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Еуразия Барысы» байрақты бәсекесі де жаңа қарқынмен өрбіді. Талай тұлпарды топқа қосып, сан сұңқардың қанатын қатайтқан Тараз шаһарына 12 мемлекеттің палуандары жиылды.

Алаштың Астанасында әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Байрақты бәсекеге 10 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай берік спортшылары қатысып, ұлттық өнеріміздің тамырына қайта қан жүгіртті.

Осы және басқа да қызықты ақпарат туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу