«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы өтпек

31.10.2014
«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы өтпек

3 қараша мен 10 желтоқсан аралығында  «Дарабоз дәстүр» жастар арасындағы жыр мүшәйрасы өтпек. Бұл байқауды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен «Таңшолпан» ақпаратты сазды бағдарламасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Байқаудың жай-жапсарын таңғы бағдарламаға қонаққа келген айтыскер ақын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті,  филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы айтып берді.

«Байқаудың мақсаты – ұлттық спортты насихаттау. Ақындарымыз осы бағытта жазылған, бірақ еш жарде жарияланбаған өлеңдерін бізге жолдай алады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Алтын тұғыр» деген жыл қорытындысын жасамақшы. Осы уақытта біздің жеңімпаз атанған ақындар да марапатталады. Жүлде қоры – қомақты».

«Байқаудың шарты бойынша екі өлең жолданады. Бірі – ұлттық спортқа қатысты болса, екіншісі – еркін тақырыпта. Себебі, ақынды бір бағытта шектеп тастауға болмайды. Кез келген байқаудың шарты сияқты, бұл байқауда да алғашқы өлең тақырыпқа сай болуы қажет. Ал, екіншісін еркін тақырыпта. Біз сол арқылы да  ақынның мүмкіндігін  тани аламыз»,-дейді Серікзат Дүйсенғазы.

Байқау туралы сұхбаттың толық нұсқасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу