«Алтын тұғыр» байқауына қатысты баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тұғыр» байқауына қатысты баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

20.12.2014
«Алтын тұғыр» байқауына қатысты баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

Астанада ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімінің ұйымдастырылуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биыл көкпар, аударыспақ сынды спорт түрлерінен I Ашық Азия чемпионатын, Бүркітшілердің халықаралық фестивалін, «Алтын тұлпар» аламан бәйгесін, асық атудан республикалық турнир және тоғызқұмалақтан ел біріншіліктерін өткізді.

Ал, «Алтын тұғыр» - ұлттық ойындардың жастар арасында кең таралып, халықтың сүйікті ойынына айналуы үшін көп еңбек сіңіріп жүрген азаматтарды арнайы марапаттайтын дәстүр.

Баспасөз мәслихаты барысында Мырзатай Жолдасбеков Әлкей Марғұланның «Саят құстары» және Бекен Қайратұлының «Қазақтың атбегілік өнері» атты кітабының тұсауын кесті.

Еске сала кетейік, «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі бүгін кешкі сағат 17.00-де «Конгресс-Холл» сарайында өтеді.

Кеште Бекболат Тілеухан, Ерлан Рысқали, Тұрсынбек Қабатов, Нұрлан Албан, Ардақ Балажанова, Ибрахим Ескендір сынды жұлдыздар мен қатар «Аламан», «Белес» тобтары  өнер көрсетіп, Айбек пен Сара айтысады. Сондай-ақ, 35 жасқа дейінгі ақындар арасында жарияланған «Дарабоз дәстүр» жыр мүшайрасының жеңімпазы өлең оқиды.

Хабарламаларға жазылу